Мектеп оқушыларымен өткен кездесу

29.01.2024

Көрулер: 184

2024 жылдың 25-қаңтар күні Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының оқытушысы Керімбаев Ержан Әбдірайымұлы Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан, №2 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен және оқушылармен кездесу өткізді. Керімбаев мектеп ұстаздарына, 8-9-10 сынып оқушыларына және ата-аналарға шығыстану мамандығы туралы «Шығысты оқы, таңырқа!» атты қызықты дәріс оқыды. Дәріс барысында шығыстану мамандығының шығу тарихы, бүгінгі жағдайы мен болашағы және факультетіміздің тарихы мен оқытылатын мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушылары факультетімізде оқытылатын мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар мен бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасуына қатысты сұрақтар қойды. Ержан Әбдірайымұлы қойылған сұрақтарға жан-жақты да тыңғылықты жауап берді.