Иранның Мобадтар ассоциациясының президенті Мехрабан Полади шығыстану факультетіне келді

29.01.2024

Көрулер: 189

24 қаңтарда "Тұрақты даму мақсаттары" (ЦУР) жобасының тұрақты даму үшін серіктестік тармағы аясында ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты мен Тұран университеті бірігіп өткізетін «Еуразия континенті халықтарының эволюциясы контекстіндегі зороастризмнің мәдени-тарихи мұрасы» тақырыбындағы конференцияға келген Иранның Мобадтар (зороастризм діні абыздары) ассоциациясының президенті Мехрабан Полади мырзамен кездесу өтті. Құрметті қонақ шығыстану факультетімен танысуға арнайы келіп, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы оқытушылармен кездесті. Кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті. М. Полади мырза оқытушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.