Қазақстандағы алғашқы Хинди Конференциясы

24.01.2024

Көрулер: 252

Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасы аясындағы тұрақты даму үшін серіктестік бағыты бойынша  23.01.2024 ж. Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітану бөлімінде 14-15 наурыз аралығында Қазакстан бойынша тұңғыш «Халықаралық Хинди конференцисын» өткізу мәселесі талқыланды. Бұл шара университетіміздің 90 жылдық мерейтойына, сонымен қатар үндітану бөлімінде хинди тілінің ашылуына 25 жыл толуына байланысты  ұйымдастырылмақшы. Жоспарды жүзеге асыру барысында бөлім басшылығы мен оқытушылары С.Вивекананда үнді мәдени орталығының директоры С.Веди мырзамен кездесу өткізді. Кездесуде конференцияның мақсат міндеттері және іске асырылу жолдары сөз болды.