Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік зерттеу университетінің шетел филологиясы факультетінің деканы Буренина Наталья Викторовнамен кездесуі өтті

19.01.2024

Көрулер: 223

  2024 жылдың 17 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызының Мордовияның Н.П. Огарев атындағы мемлекеттік зерттеу университетінің шетел филологиясы факультетінің деканы Буренина Наталья Викторовнамен кездесуі өтті. Кездесуге сонымен қатар Қытайдан келген оқытушы Чжу Вэньхуэй және сөйлеу теориясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Ивлева Алина Юрьевна қатысты. Кездесуде биылғы жылдың наурыз, сәуір айларында өтетін халықаралық шешендік өнер байқауы талқыланды.   

2024 жылдың 18 наурызында Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің студенттері мен ҚазҰУ Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының студенттері арасында халықаралық студенттік шешендік өнер байқауының 1-ші туры өтеді. 1-ші турдың жеңімпаздары 18 сәуірде қытай тілінде онлайн түрде өтетін байқаудың Халықаралық бөлігіне қатысады, оған Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік зерттеу университетінің студенттері мен Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысады. Былтырғы жылғы өткізілген халықаралық байқау сәтті өткендіктен, биыл да көптеген студенттер қатысуға дайын екендерін айтты.