Алматы қаласындағы Түркия Республикасының білім атташесімен кездесу

12.01.2024

Көрулер: 225

2024 жылдың 10 қаңтарында Түрксой кафедрасының меңгерушісі м.а Ғабдуллин Қ.Т. және кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Монтанай Э.Ә. Тұрақты даму мақсаттары аясында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы білім атташесі Айхан Коркмазмен кездесу өткізді. Аталған кездесу барысында  екі жақты келісімдерді жаңарту, Түркия Республикасының ЖОО -дарымен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым-білім беру саласында тығыз ынтымақтастықты орнату қарастырылды. Сондай-ақ, кездесуде, Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының студенттерін түрік фирмаларында өндірістік тәжірибеден өткізу, білім деңгейлерін анықтау мақсатында Түркияда жарамды сертификаттар беретін университеттермен бірлесіп түрік тілін оқыту курстарын ашу сынды тақырыптар талқыланды

 

Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Жаңатаева К.Б.

Түрксой кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

 Монтанай Э.Ә.