Иран Ислам республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығына көңіл айтылды

12.01.2024

Көрулер: 229

2024 жылғы 3 қаңтарда Керман қаласында (Иран) болған лаңкестік әрекет салдарынан 90-нан астам адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақат алды. 8 қаңтарда халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры С.Т. Джакубаева, шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Д.М. Көкеева, факультет деканының орынбасарлары Ү.Ә. Әмірбекова, Ә. Е. Билялова және ирантану бөлімінің оқытушылары Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына барып көңіл айтып, көңіл айту кітабына көңіл білдіру жазып, Иран халқының қайғысына ортақтығын білдірді.