Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхабатына пікір

03.01.2024

Көрулер: 223

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі «Egemen Qazaqstan» газетіне берген кең көлемді сұхбатына көз жүгіртер болсақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және ішкі-сыртқы саяси ахуалына тоқталған.  

Әрине, бұл мәселелердің барлығы бізге қатысы жоқ өзге әлем емес, күнделікті көріп жүрген, әрбір қазақстандықтың көкейіндегі сұрақтар. Шындығында қаңтар оқиғасынан кейін еліміздің болашағына, әсіресе заңның күшіне, әділеттілігіне күмәмен қарап жүргендер де аз емес. Еліміздің кейбір салалары, әсіресе халыққа коммуналдық қызмет көрсету саласы сын көтермейтіні де шындық. Сонымен қатар бүгінде қызу талқыға алынған кен орындарындағы жұмысшылардың қауіпсіздгі, ана мен баланың қауіпсіздігі т.б. осы тәрізді мәселелер де халқымызды алаңдатуда. Ал одан бөлек мемелекетіміздің өзге елдермен, әсіресе Қытай, Ресей сынды ірі көршілермен қарым-қатынасы, олардың ықпалы Қазақстанның дамуына бей-жай қарамайтын әрібір отандасымыздың ойында жүрген сұрақ. Осы мәселелердің барлығына бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы жеке-жеке тоқталып, тарқатып айтты. Әсіресе елімздің іргесі сөгілмейтін мықты мемелекет болуы үшін саяси реформаларадың маңызына, Конституцияның одан әрі жөнсіз өзгеріске ұшырамайтындығына баса мән берді. Бұл, әрине, көңілге сенім ұялатады.

Соған қоса, еліміздің сыртқы саясатына және әлемдік саяси сахнада болып жатқан өзгерістерге тоқталып, Орталық Азия елдерінің бүгінгі әлем үшін тартымдылығын көрсетіп, көршілеріміз Қытай және Ресеймен арадағы қарым-қатынастарды нығайтып, дамытудың Қазақстан үшін ұтымды тұстарын тілге тиек етті.

Әрине, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сұхбатында айтып отырған Қазақстанның мемлекет ретіндегі бастамалары мен жоспарларының маңыздылығы кейбір отандастарымыз арасында күмән туғызатындығына қарамастан, бұл іс-шаралардың еліміздің әлемдік қауымдастықта рөлін нығайтып, өзіне лайықты орынға ие болуына, қолайлы инвестициялық жағдай жасауға маңызы зор екенімен келісеміз, және еліміздің бар қиындықтарға төтеп беріп, ары қарай дамуы үшін Президент айтып отырған халық бірлігінің шын мәнінде рөлі жоғары.

 

 

Дәуен Д.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының доценті