ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ “ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ” МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚОСДИПЛОМДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

29.12.2023

Көрулер: 284

24 желтоқсан күні ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ланчжоу университетінің Вице-президенті Гоу Сяохуамен және ҚХР білім министрілігі жанындағы Пекин ынтымақтастық және тілдерді даярлау орталығының директоры Ма Цзяньфэймен келісімге қол қойды. Бұл бағдарлама аясында, қытайтану кафедрасының “Шетел филологиясы” мамандығының студенттері 2+2 қосдипломдық бағдарламамен Қытайдың үздік Ланчжоу университетінде білім алуға қол жеткізеді. Студент алғашқы екі жылын қытайтану кафедрасында оқып, соңғы екі жылын Ланчжоу университетінде аяқтауға мүмкіндік алады. Қытайтану кафедрасына талапкерлерді асыға күтеміз!