Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы

26.12.2023

Көрулер: 325

Қытайтану кафедрасы Қысқы мектеп аясында ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты онлайн-курс өз мәресіне жетті. 2023 жылдың 11-25 желтоқсан аралығында өткен мектептке 71 шетелдік студент қатысты. Оның 38 студенті Ресей Федерациясы Н.П.Огарева атындағы Мордова университетінен болса, ҚХР-дың Ухан университетінен 33 студент қатысты. Кафедра оқытушылары оқыған түрлі тақырыптардағы дәрістерде студенттерді Жібек жолының қазақ тарихында алатын орнымен, қазақ халқының мәдениетімен және дәстүрімен таныстырды және қазақ тілі және лингвомәдениеттану туралы жалпы түсінік берді. 25-желтоқсан күні өткен мектептің жабылу салтанатында Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Фарида Оразақынқызы алда осы бағытта жұмыс жалғаса беретінін және осындай мектептер мен курстар жиі ұйымдастырылатынын айтты.