«Қазақстандағы экологиялық проблемалар» атты дөңгелек үстел

13.12.2023

Көрулер: 522

08.12. 2023. сағат 17.00.-де «Тұрақты даму мақсаттар» жобасы аясында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 2 курс, «6B02301 - Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» студенттерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» атты дөңгелек үстел өтті. Кеште студенттер Тұрақты даму мақсаттарды дамыту мақсатында Қазақстандағы экологиялық проблемаларға: Арал экологиясы, судың ластануы мен азаюы, табиғи апаттарға  тоқтала отырып, оны шешудің жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, студенттерге экология тақырыбында сұрақтар қойылды және студенттер өз ойларымен бөлісті.

 

Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының

 куратор-эдвайзері А.Ж. Назарова