Шығыстану факультетінің деканы Наталья Борисовна Ем Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығында

13.12.2023

Көрулер: 355

Бүгін Шығыстану факультетінің деканы Наталья Борисовна Ем Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына барып Бас консул Еврен Муддерисұлымен кездесті. Кездесу барысында екі жақ алдағы уақыттарда ғылыми және мәдени іс-шараларды бірлесіп атқаруға уағдаласты. Бас консул Еврен Муддерисұлы Түрксой кафедрасын бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету жағына да көмек беретінін айтты.