Кафедра магистранты арнайы сыйлық иегері
24.05.2023
Көрулер: 1122
2023 жылдың 20-мамыр күні Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында жапон тілін оқитын студенттер арасында 26-рет өткен Орта Азиялық шешендік өнер сайысында Қытайтану кафедрасының 1-курс магистранты Оразбаев Сұлтан Қырғыз-Жапон іскерлер кеңесінің Ишенбай Абдуразаков атындағы арнайы сыйлығымен марапатталды. Бұған дейін Қазақстан студенттері арасында өткен сайыста Сұлтан 1-орын алған еді.






