Oriental Science: Варшава университетінен келген қонақпен әңгіме

17.03.2023

Көрулер: 858

    16 наурыз күні Oriental Science клубы Варшава университетінің 5 курс докторанты Линда Масальскамен Instagram желісінде тікелей сұхбат өткізді. Сондай-ақ, сұхбатта университетімізде алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Түрксой бөлімінің 2 курс магистранты Марцин Кшывдзиньски және клуб жетекшілері Сейітов Руслан мен Исмаилова Сәуле болды. Тікелей эфирде қатысушылар Польшадағы жоғары оқу орындарының ерекшеліктері, Орталық Азия елдерінің тіл саясатына қатысты шетелдік көзқарастар, тәжірибе алмасу және тағылымдама бағдарламалары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ екі елдегі білім беру жүйесінің тақырыптары мен білім берудегі қазіргі тенденциялар да сөз болды. Линда мен Марцин Польшада тілдерді, әсіресе шығыс тілдерін зерттеудің қалай жүріп жатқанын және Польшада орыс тілін зерттеудің неліктен шығыстану саласына жататынын айтты. Қазақстанды шетелде қалай қабылдайтынын және неліктен адамдар біздің елге келіп, оқуға бейім екенін білу қызықты болды. Сонымен қатар, әңгіме барысында қонақтардың Қазақстандағы білім саласына қатысты сұрақтары болды, олар да сәтті талқыланды.

Тікелей эфир соңында қатысушылар әріптестермен халықаралық байланыс, ғылыми қарым-қатынас және болашақта ынтымақтастық мүмкіндігі академиялық ортада табысқа жетудің кілті екендігімен келісті.

Сұхбаттың жазбасын https://www.instagram.com/oriental.science Instagram аккаунтында көруге болады.

Жаңа хабарландырулар мен сұхбаттардан хабардар болу үшін клубтың ресми әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазылыңыз:

https://www.instagram.com/oriental.science/

https://t.me/kaznu_oriental_club