Фараби жұмыс тобының жетекшісі шығыстану факультетінде болды
03.02.2023
Көрулер: 1181
13-қаңтарда Иранның Сыртқы істер министрлігінің аға сарапшысы, Фараби жұмыс тобының жетекшісі Әли Муджани Қуми мен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Мохсен Фағани Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына келіп, ирантану бөлімінің жұмысымен танысты. Кабинеттерді аралап, ондағы кітап қорымен танысты.







