«Қытай отбасы: Қытай отбасына шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

11.10.2022

Көрулер: 571

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Қытайтану  кафедрасының "Жібек жолы" үйірмесінің жетекшілігімен  «Қытай отбасылары:Қытай отбасына шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Шараның мақсаты- студенттердің Қытай отбасыларының ерекшеліктері мен құрылымын таныстыру. Отбасыға байланысты мемлекет тарапынан қойылған заңдарды талқылау. Студенттер отбасы тақырыбына байланысты жаңа сөздер, фразеологизмдер үйреніп,жаңа ақпарат алып, отбасы құндылықтары туралы ой пікірлерімен бөлісті.