Қытайтану кафедрасының студенті Цзяо Лэяо халықаралық форумға қатысты 11.10.2022

11.10.2022

Көрулер: 574

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы, аударма ісі мамандығының, 4 курс студенті Цзяо Лэяо 27-ші қыркүйек күні Қытайдың Сиань қаласында өткен «Қытай-Орталық Азия азаматтық достық форумы: білім беру және жастар алмасу» атты форумға қатысып, университетіміздің  шет елдік студенттері атынан баяндама жасады.

Цзяо Лэяо өз сөзінде тарихтағы ежелгі Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батыс арасындағы саяси, экономикалық және мәдени алмасулардағы ынтымақтастықтың символдық көпірін болғанын, ал бүгінгі «Бір белдеу, бір жолдың» бейбітшілік пен сауда жолы ғана емес, мәдениет пен таланттар алмасу арнасы екенін атап айтты. Сондай ақ ол Қазақстанда оқудың ерекшелігіне тоқталып, Қазақстанның Халықаралық интеграция Қорына аталмыш форумға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.