«Қытай тілі мен әдебиетін тану» шарасы өтті

14.10.2022

Көрулер: 584

14 қазан күні әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Жібек жолы» үйірмесінің жетекшілігімен «Қытай тілі мен әдебиетін тану» шарасы өтті.

Шара аясында 3-ші курс студенттері Алматы қаласындағы ірі кітапханаларға барып, қытай әдебиетімен танысты. Шараның мақсаты - студенттердің көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына баулу. Студенттер қытай көркем әдеби шығармаларымен танысып, өз ойларын ортаға салды.