Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қиыр Шығыс кафедрасының профессоры Ли Бён Джо «Хэсахакбо» газетінде мақала жариялады

20.10.2022

Көрулер: 671

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қиыр шығыс кафедрасының арнайы шақыртылған профессоры Ли Бёнг Джо "Хасахакбо" газетінде (Корея Республикасы Әскери-теңіз академиясының газеті) Корея Республикасы Әскери-теңіз академиясының студенттерімен бірлескен далалық зерттеулерге қатысты мақала жариялады. Бұл газет мақаласында "14 студент алдағы болашақ офицерлер Қазақстанға осы жердегі тарихи орындарға экскурсия және далалық зерттеулер үшін келді. Делегациямен бірге шақырылған профессор Ли Бёнг Джо бағдарлама қатысушыларына барлық тарихи орындарда пайдалы ақпарат берді"- деп хабарланған.