Қытайтану кафедрасының профессоры баяндама жасады

26.10.2022

Көрулер: 1105

 Конференцияның мақсаты – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында Қазақстан мен Шығыс елдері арасындағы тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, саяси, діни, сондай-ақ, өркениет және мәдениетаралық қарым-қатынастардың аспектілерін жан-жақты талқылау, проблемалары мен перспективаларын қарастыру болды.Конференцияда ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Н. Мұқаметханұлы «Жаңа дәуірдегі Қазақстан-Қытай қатынастарының даму болашағы» тақырыбында баяндама жасап, екі елдің экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығы саласына тоқталды.