ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ТЫҒЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА БОЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

23.10.2022

Көрулер: 1061

Факультет басшылығы мұндай кеңестің құрылуының мақсат, міндеттерін, университеттің Академиялық комитетінің саясатын және оқу бағдарламаларын таныстырды.

Жиынға қатысқан жұмыс беруші мекемелердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды. Болашақ мамандарды дайындау процесіне олар да қызығушылық танытып, осы үдеріске белсенді атсалысатындарын, қолдан келген көмектерін аямайтындарын жеткізді. Факультетіміздің түлегі, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, филол.ғ.к. Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы өз сөзінде факультетіміздің білімгерлерін ғылыми жобаларға тартуға, БББ жетілдіруге қол ұшын созуға дайын екендіктерін білдірді. Қытайтану кафедрасының түлегі, қазір «Хуа вэй» компаниясының негізгі клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің бас менеджері Чурсин Михаил Витальевич те осы жиынға қатысты. Михаил өз сөзінде академиялық білім берумен қатар, практикалық қабілеттерді де өсіретін пәндер жинағын қосу туралы ұсынысын айтты. Қиыр Шығыс кафедрасының түлегі, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ның жетекші маманы Алина Анар мен HR бөлімінің жетекші маманы Сағымбек Айнұр оқу үдерісін жұмыс берушілердің талаптарымен сәйкестендіру мен мамандарды дайындауда бірлескен Академиялық комитеттің құрылуын қолдап, болашақта жұмыс берушілердің талаптарына сай оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша сараптама жасау мен түрлі ұсыныстар беруге дайын екендіктерін білдірді. Өндірістің басы-қасында жүрген тісқаққан мамандардың пікірлері мен ұсыныстары білім беру бағдарламаларын дайындау барысында өте маңызды екені даусыз. Болашақта факультетіміз әрбір жұмыс берушіні арнайы шақырып, түрлі кездесулер, шеберлік сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.