Әлемде бағындырылмайтын шың жоқ

11.10.2022

Көрулер: 759

Серуенге барлығы 38 студент қатысты. Қазақстанның шет-шетінен жиналған балғын студенттер үшін бұл - Алматының биік жерлерінің біріне жасаған ең алғашқы саяхаты болды. Естең кетпес әсерлер мен естеліктер қалды. Гитарамен ән салып, неше түрлі ойындар ойнап, бір-бірімен жақын араласып, танысқан студенттердің демалысы кешенді өтті деп айтсақ болады.

Одан бөлек, жоғары курс студенттерімен де танысып, олар оқу барысында бастан өткен қызықты жайттарымен бөлісті.