«ТУҒАН ЖЕРІМ – ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАН» атты мерекелік іс-шара өткізілді

19.10.2022

Көрулер: 854

Бұл іс-шара студенттердің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы, мемлекеттік дамуы, соңғы жылдардағы елде орын алған маңызды тарихи оқиғалар жөнінде студенттердің білімдерін арттыру, олардың бойындағы азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру мақсатында өткізілді. Мерекелік жиында Қиыр Шығыс кафедрасы, корейтану және жапонтану бөлімінің студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Күйші, биші, әнші студенттеріміз дәстүрлі өнерімізді ғана дәріптеп қоймай, корей және жапон ұлттық өнерінен де үзінді көрсетті. Сондай-ақ, еліміздің тарихы, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты викторина құрастырып, өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Жиынға қатысқан өнерпаз студенттерімізге, ұйымдастырушы топқа, ең бастысы еңбегімізді бағалап, қолдау көрсеткен көрермендерге де алғыс айтамыз!

 

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Ә.Е. Сайлаукенова