Жапонтану бөлімінің 1-курс студенттерімен танысу кеші өткізілді

19.10.2022

Көрулер: 847

Танысу кешіне Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында, 3-курс студенттері Пазылбекова Диана мен Ережепова Рахима «Ёсакой соран» жапон ұлттық биін биледі. Ал 2-курс студенттері Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін жапон тілінде шырқап берді. 1-курс студенттері Мундабекова Аяла «Тарту» қазақ ұлттық биін билеп, Сагимбеков Әбен «Ерке сылқым» күйін көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар, кездесу барысында күншығыс елінің тарихы мен мәдениетіне қатысты викторина үйымдастырылып, дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар таратылды. Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін жиналған қауым үшін кішігірім дастархан жайылып, фуршет ұйымдастырылды.  Іс-шара өте жылы және достық жағдайда өтті.

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Тазабекова