Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ

18.10.2022

Көрулер: 806

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес, 25 қазан қайтадан Республика күні мемлекеттік мерекесінің мәртебесін алды. Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігінің, татулығы мен келісімінің символы. Осы күн қарсаңында 2022 жылдың 18 қазанында кафедра меңгерушісі Кокеева Д.М., эдвайзерлер Жұмажанова Ф.Т., Жиекбаева А.Б., Хаван А., Жумадилова А.Е., Мұқашев А.Е. және Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бакалавриат студенттері Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер араб тілінде өлең оқып, музыкалық аспаптарда ойнап, оқытушылармен Жаңа Қазақстан және ондағы жастардың рөлі туралы пікір алмасты.