Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында жұмыс берушінің студенттермен кездесуі өтті

14.10.2022

Көрулер: 909

Нұрлан Тұрашұлы өзінің шығыстану факультетінің түлегі екенін айтып, еңбек жолымен студенттерді қысқаша таныстырып өтті. Бүгін «Еңбегі сіңген теміржолшы» құрметтті атағын алған қуанышты хабарын студенттермен бөлісті. Құрметті қонақ кездесуде қазіргі әлемдігі геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанның Иран мемлекеті арқылы жүк тасымалдауы, соның ішінде темір жол арқылы жүк тасымалдауы қарқынды өсіп жатқанын айтты. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясына парсы тілін бітірген студенттерді жұмысқа тарту бүгінгі күн талабынан туындап отырғанын айтып, факультет түлектерін ұлттық компанияға жұмысқа шақырды және алдағы уақытта басқа да салаларда парсы тілін меңгерген жастарға сұраныстың артатындықтан, иран бөліміне талапкерлерді көбірек тарту керектігін де атап өтті.