ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені

12.10.2022

Көрулер: 819

Мен, Көмекбай Мәдина, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студентімін. Хэйва Накаджима атты бағдарламаның шәкіртақысына ие болып, қазір академиялық ұтқырлық бойынша Жапонияның Васэда университетінде оқып жатырмын. Бұл бағдарлама бойынша тек шәкіртақымен шектелмей, жолкүре мен оқуға да қаражат бөлінеді. Васэда университеті де ҚазҰУ секілді Жапонияның бетке ұстар университеті саналады. Тілді табиғи ортада үйрену қиын да қызық екен. Жапондар өте сыпайы, кішіпейіл және мейірімді халық. Шетелдіктерге барлық нәрсені асықпай, байыппен түсіндіреді. Жапония, менің ойымша, өте дамыған, әдемі, сонымен қатар ескі мен жаңаны қатар көрсететін ел. Яғни, храмдар, мұражайлар сияқты байырғы мәдениет көрінісін де, қазіргі заманды да логистика, техника арқылы бақылап көруге болады. Қазірдің өзінде мен университеттің лекцияларына, студенттік ұжым мен ұйымдарға мүшелік етіп, белсенділік танытуға тырысып жүрмін.

Терең білім алуыма берілген бұл мүмкіндік пен студенттік өмірім өзіме қатты ұнайды және алдағы жарқын болашағыма үлкен үлес қосады деп сенемін.

ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені. Осындай таптырмас мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін!