Болгарияға іссапар

10.10.2022

Көрулер: 1110

Іссапардың мақсаты - бес мемлекеттің, атап айтсақ, Жапония, Германия, Түркия, Қазақстан, Болгария университеттері арасында магистратура деңгейінде “Intercultural Communication along the Eurasian Axis” ортақ білім беру бағдарламасын дайындауды талқылау. Кездесуге Германия, Түркия, Қазақстан және Болгария мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында әр университеттің магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламаларының құзыреттіліктері, оқытылатын пәндер, кредиттер саны, қойылатын талаптар, бітіру жұмысын жазу ережелері, оған қойылатын талаптар, бітіру жұмысын қорғау, бағалау критериялары, т.б. мәселелер талқыланды.

Бұл жоба жүзеге асып, Erasmus+ қоры қолдау көрсетсе, ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің магистранттарына үлкен мүмкіндіктер беретіні сөзсіз. Магистранттар оқу барысында үш мемлекетте білім алып, кәсіби құзыретін шыңдай алады.

Іссапар кезінде кафедра оқытушылары сондай-ақ Св. Климент Охридски атындағы София университетіндегі жапонтану кафедрасының жұмысымен танысып, әртүрлі іс-шараларға қатысты.