Университеттік сенбілік өтті

08.10.2022

Көрулер: 824

Қоғамдық жұмысқа шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, қызметкерлері мен студенттері белсене қатысып, оқу ғимаратының аумағын, оған іргелес аумақты қоқыстан, қурап кеткен жапырақтардан тазартты. Ғимараттың кеңселерінде де ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілді. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде оқу орнының аумағы ретке келтірілді. Осылайша, студенттер мен кураторлар университеттің оқу корпустарын және олардың маңайындағы аумақтарды абаттандыру мақсатында сенбіліктер өткізу дәстүрін жалғастырды.