Кореяның Сукменг университетінің оқытушысымен кездесу

06.10.2022

Көрулер: 755

 2022 жылдың 5 қазанында Сукменг университетінің оқытушысы Пак Джин Хи мен Шығыстану факультеті, корейтану бөлімінің 1-курс студенттері арасында кездесу өткізілді. Қазақстандық студенттердің кәсіби білімдерін дамыту мақсатында  соңғы төрт жыл уақыт ішінде Қиыр Шығыс кафедрасы аталған корей университетімен тығыз және жемісті ынтымақтастық орнатып, бірлесіп көп жұмыстар атқарды.