Жоғарғы курстардың 1курс студенттерімен танысу кеш

07.10.2022

Көрулер: 853

2022 жылдың 3 қазанында эдвайзерлер Жұмажанова Ф.Т., Жиекбаева А.Б., Жумадилова А.Е., Мукашев А.Е. және Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бакалавриаттың 4 курсы бірінші курс студенттерін жоғары курстармен таныстыру кездесуі өтті. Жоғары курс студенттері араб елдерінде халықаралық тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті, «Шығыстану» мамандығының артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы, факультеттегі студенттік өмір туралы, университет өмірінде әлеуметтік белсенді болудың маңыздылығы туралы айтты. Бірінші курс студенттері қосымша білім беру жеңілдіктерін алу мүмкіндігіне қатысты сұрақтарын қойды, эдвайзерлер мен жоғары курс студенттері сұрақтарына жан-жақты жауап берді.