"Бір белдеу – бір жол» Ғылыми-Зерттеу Институты» ЖШС-інің өкілдерімен кездесу өтті

30.09.2022

Көрулер: 789

2022 жылдың 30-қыркүйек күні Шығыстану факультетінің деканы Н.Б.Ем мен қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев  ««Бір белдеу – бір жол» Ғылыми-Зерттеу Институты» ЖШС-інің өкілдерімен кездесті. Бұл мекеменің өкілдері «Қытай тілі + кәсіби қызмет» жобасын таныстырды. Бұл Қазақстан жастарына қытай тілін оқытуға, ҚХР-дың ең маңдай алды техникалық ЖОО-ларында оқытуға, білікті маман қылып дайындауға және жұмыспен қамтуға арналған өте үлкен жоба. Кездесу барысында екі мекеме бірлесіп қандай бағытта ынтымақтастықты дамытуға болатынын қарастырды және талқылады.