«ДАЛАЛЫҚ МЕДИЦИНА: ДЕРЕКТЕРІ, ТАРИХЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ, ҰҒЫМДАРЫ МЕН ТЕРМИНДЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

27.09.2022

Көрулер: 1124

Конференцияның мақсаты: ортағасырлық медицинаның тарихи-мәдени маңызын кең көлемде саралау, халық емшілік мәдениетінің қалыптасу, даму, таралу үдерісін зерделеу, зерттелу деңгейін, мәселелерін қарастыру, бүгінге жеткен медицина тақырыбындағы жазба жәдігерлердің зерттелуіне назар аудару.

 

Конференция тақырыптары мен бағыттары:

-      этномедицина терминдік мәні, ерекшеліктері, тарихи бастаулары;

-      халық медицинасының әлеуметтік-экономикалық, ғұрыптық, діни -культтік және басқа да этникалық мәдениеттің аспектілеріндегі көрінісі;

-      медицина саласындағы ортағасырлық жазба жәдігерлер, зерттеулер, персоналиялар;

-      түркі халықтарының емшілік мәдениеті;

-      халық медицинасы саласындағы мәдениеттер мен ғылымдар тоғысы.

 

Конференцияның қадірлі қонақтары мен спикерлері:

1. Идрис Неби Уисал – Караманоғлы Мехметбей Университетінің профессоры (Караман қ., Түркия);

2. Болдыш Светлана Камашевна – «Bolashaq» академиясының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан);

3. Шазия Динчер Бахадир – Қыршехир Ахи Евран Университетінің доценті,

(Кыршехир қ., Түркия);

4. Халил Четин – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық түрік-қазақ университетінің философия докторы (PhD) (Түркістан қ., Қазақстан);

5. Үміт Қыдырбаева – А. Мицкевич университеті, Шығыстану институтының философия докторы (PhD) (Познань қ., Польша);

6. Мехмет Гүлтекин – Алания Аркан Иылмаз колледжінің оқытушысы, зерттеуші (Алания қ., Түркия);

7. Ридван Читилов – Измир Университетінің докторанты (Измир қ., Түркия);

 

Өтетін жері, уақыты:

4.10.2022 ж. сағат 14.00-де Онлайн форматта ZOOM-сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/88293382457?pwd=V1dNaXVEbWdQVUNobWxaOWFjanVNQT09

Идентификатор: 882 9338 2457

Код: 657764

 

05.10.2022 ж. сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті ғимаратында (Алматы қаласы, Қарасай батыр көш. 95, 5-ші қабат, №546 каб.) оффлайн түрде өтеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласыңыз:

Кайранбаева Н.Н., Абдраханов Д.М.

тел: +7 777 300 69 92, +7 708 190 38 23.