СТУДЕНТТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН

10.11.2021

Көрулер: 1538

   2021 жылдың 10 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Дін істері басқармасы жанындағы Диянет қорының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

   Студенттерге арналған қаржылай көмекті Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Дін істері жөніндегі атташесі Емруллаһ Үзім мырза табыстады.

   Қайырымдылық іс-шарасын факультет деканы Ы.М. Палтөре Емруллаһ Үзім мырзаны студенттер мен факультет ұжымына таныстырудан бастап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына, жастардың білім-ғылымды игеруінің маңыздылығына тоқталды. Емруллаһ Үзім мырза өз кезегінде студенттердің білім алу жолындағы талпынысына ризашылығын білдіріп, студенттердің өздері таңдаған мамандық бойынша терең білім алып, білікті маман болып шығуларына тілектестігін жеткізді.

   Студенттік декан Мырзағалиева Аида студенттердің атынан қонақтарға алғыс айтты. Түрксой кафедрасының 4 курс студенті Әлімбетова Әйгерім түрік тілінде өз ризашылығын білдіре отырып, Емруллаһ Үзім мырзаның ұсынысы бойынша ілеспе аударма жасап, түрік тілін жетік меңгергендігін көрсетті.

   Шығыстану факультетінің студенттеріне көрсетілген бұл көмек студенттердің білім алу жолындағы жауапкершіліктерін арттырып, ғылыми ізденістерге жетелейді деген сенімдеміз.