1 курс студенттерімен танысу

01.10.2021

Көрулер: 1777

   2021 жылы 29 қыркүйекте Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы, куратор-эдвайзер Тазабекова Г.Б. басшылығымен «Жапонтану бөлімінің 1-курс студенттерімен танысу» атты онлайн-кездесу өтті.

   Онлайн-конференцияға Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары мен жоғары курс студенттері қатысты. Қиыр Шығыс бөлімі басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Нұрелова Әсия Мұхаметханқызы құттықтау сөзін сөйлегеннен кейін, әр курс студенттері өздері туралы презентациялар дайындап, өз таланттарын көрсетті. 4-курс студенті Жалмұхамбет Шолпан домбырада күй орындады, ал Қажен Шахислам мен Габдуллина Лейла фортепианода ойнап, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ орыс-жапон соғысы туралы әйгілі «Маньчжурия төбесінде» туындысын 3-курс студенті Аян Баян орындап берді. Сонымен қатар конференцияға қатысушылар өздерінің салған суреттерін, оқыған кітаптарын көрсетіп, сүйікті істері туралы ақпаратпен бөлісті. Кездесу өте жылы және достық жағдайда өтті.