БАСТЫ МАҚСАТ – БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

21.04.2021

Көрулер: 2277

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының урду бөлімі оқытушылары мен студенттері Пәкістан Ислам Республикасыдағы Заманауи тілдер Ұлттық университетінде біліктілікті арттыру бойынша тілдік курстан өтіп жатқандығын қуанышпен хабарлаймыз.
Қазақстандық урду тілі мамандары мен студенттерін Заманауи тілдер Ұлттық университетінің академиялық байланыстары бойынша департамент директоры доктор Надим Талиб мырза және оның орынбасары Амджад Али Кхан мырза, урду департаментінің директоры доктор Абид мырза, урду бөлімінің координаторы доктор Зафар және урду бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамы ерекше құрметпен қарсы алды.
Ғылым-білім саласындағы достық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған арнайы кездесу кезінде Заманауи тілдер Ұлттық университеті жайында жалпы ақпарат, оның қызметі, халықаралық байланыстары бойынша хабардар етіп, біліктілікті арттыру бойынша тілдік курстың жоспары, мақсаты мен міндеттері және бағдарламасы туралы ақпараттар берілді.
5 сәуір күні Пәкістан Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының экс-елшісі, қазіргі таңда Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Ақасұлы Рахметуллин қабылдады. Кездесу барысында Елші тағылымдама Қазақстан мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық, мәдени, экономиқалық қарым-қатынастaрды одан әрі нығайтатына, урду тілі бойынша отандық білікті аудармашы-мамандар дайындауға серпін беретініне сенімін білдірді. Шығыстану факультетінің делегациясы Елшіні жаңа тағайындалған лауазыммен құттықтай отырып, осы курсты өтуге мүмкіндік жасағаны үшін ерекше құрметі мен алғыстарын жеткізді.

27 сәуір күні Заманауи Ұлттық тілдер университетінің оқытушы-профессорларымен бірге Пәкістан жазушылар одағының, Ұлттық тілді дамыту департаментінің және Ұлттық кітап қорының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында әрбір ұйым туралы, олардың қызметі, халықаралық байланыстары бойынша жалпы ақпарат берілді және келешекте осы ұйымдармен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында ортақ
іс-шараларды жүзеге асыру бойынша ауызша келіссөздер жүргізілді.

Шығыстану факультетіндегі Мұхаммад Әли Джинна орталығын заманауи инновациялық форматта техникалық және оқу материалдарымен толықтырылып, қайта жаңартылу процессінде арнайы үлесін қосқан факультеттің ардақты досы, бригадир, доктор Аднан Салин мырзамен ұйымдастырылған Пәкістан Ислам Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Аюб әскери мұра қорында (Army heritage foundation Ayub national park). Кездесу соңында доктор Аднан делегацияның әрбір мүшесіне өз құрметін білдіре отырып, ұжым атынан естелік сыйлықтар табыстады.


NUML-дағы ақпараттандырылған біліктілікті арттыру курсы өте тиімді, әрі пайдалы өтті. Университеттің оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану туралы жан-жақты білім мен тиісті ақпараттар алынды. Сонымен қатар, ҚазҰУ оқытушылары білікті мамандармен жақсы және достық қарым-қатынас орнатты. Студенттерді оқыту процессі бойынша көптеген жаңа және маңызды ақпараттар алынып, урду тілінің мамандарымен кездесуге мүмкіндік беріліп, келешекте ынтымақтастықты орнату жоспарланды.
Арнайы біліктілікті арттыруға барған оқытушылар мен студенттер қауымы келешекте осындай семинарлар мен осы форматтағы курстарды арттырса деген ниеттерімен NUML-ға, Қазақстандағы Пәкістан Ислам Респубикасының Елшілігіне және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығына өз алғыстарын білдіреді.

Тілдік курс мерзімі 2021 жылдың 02-сәуірінен бастап, 05-мамыр аралығына дейін жалғасты. Осы орайда, біліктілікті арттыру курсын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшілігі тікелей бастамашы болғандығын ал Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі сапарды барынша қолдап, жол шығандарына қаржылай қолдау жасағандығын айта отырып, қолдаулары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.