Халықаралық студенттер жәрмеңкесі өтті

02.04.2021

Көрулер: 1819

2021 жылдың 2 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы және ҚХР-дің Сиань қаласындағы Солтүстік –Батыс университеті бірлесіп, «2021 оқу жылының онлайн қабылдау семинары» атты халықаралық студенттер жәрмеңкесін өткізді.Онлайн форматында өткен бұл іс-шараға жоғарыда аты аталған екі жоғары оқу орнының жауапты оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.Жәрмеңкеде Солтүстік–Батыс университеті оқытушылары Сиань қаласының қысқаша даму тарихынан хабар бере отырып, университеттің жалпы тарихы, оқытушы-профессорлар құрамы, Солтүстік –Батыс университетінің білім беру әлеуеті, материялдық базасы, халықаралық байланыстары, шетелдік студенттеріне жасалатын шарт-жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы кең көлемде таныстырылым жасады.Қытайтану кафедрасыныңмен студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара тартымды пікір алмасу болды. Жәрмеңке соңында қос тарап оқытушылары мен студенттері екі университет арасындағы байланыстарды болашақта жоғары деңгейде дамытып, студенттер алмасып, білім беру үдерісінде өзара тәжірибе бөлісуге сенім білдірді.