ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ АҚЫСЫЗ НЕГІЗДЕ ТӘЖІК ТІЛІНІҢ КУРСЫ АШЫЛДЫ

16.03.2021

Көрулер: 2025

2021 жылы 16 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде онлайн форматта тәжік тілін оқыту курсы салтанатты түрде ашылды. Аталмыш іс-шараға Тәжікстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир, С.Айни атындағы Тәжік мемлекеттік педагогикалық университеті тәжік тілінің оқытушысы Джамила Саидова, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.М.Сүлейменов, кафедра меңгерушісінің ғылыми істер бойынша орынбасары Ф.Жұмажанова және факультет оқытушылары, студенттері қатысты. Тәжік тілі курсының ашылуына арналған іс-шараны шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Молдатөреұлы Палтөре ашты және тәжік тілі оқыту курсын ақысыз негізде ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Тәжікстанның Бас консулы Баходур Назирге алғысын білдіріп, курстың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар Ы.Палтөре өз сөзінде Қазақстан мен Тәжікстан елдерін екі халықтың байырғы достық қарым қатынастары байланыстыратынын атап өтті. Тәжікстанның бай мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін айта отырып, тәжік тілі курсының ашылуы екі ел мәдениетін жақындастыра түсетініне сенімді екенін білдірді. Сөз кезегін алған Тәжіктан Республикасының Бас консулы Баходур Назир да тәжік тілі курсының ашылуына байланысты өзінің құттықтау сөзін жеткізді және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде тәжік тілі курсының ашылуы білім-ғылым және мәдениет саласындағы екі халықтың достық байланыстарын білдіретінін атап көрсетті. Сондай ақ тілдің оқытылуы екі елдің арасындағы ғылыми-мәдени байланыстарды тереңдете түседі, бұл екі ел халықтарының қазіргі дамуында бірі бірін толық тануы үшін қажет деді. Сондай ақ тәжік тілі курсының ашылу салтанатында ирантану бөлімінің меңгерушісі Б.Батырхан, «Сомониен» ассоциациясы төрағасы орынбасары И.Валиев сөз сөйлеп, тәжік тілі курсының ашылуымен құттықтап, тәжік тілін үйренуге келетін тыңдаушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар арасынан Түрксой кафедрасының доценті Шадкам Зубайда, тәжік халқы тарапынан Камалов Джамшед, Үндістанның Варанаси қаласында докторантурада білім алып жатқан факультетіміздің урду-хинди тілдері бойынша маманы Исмагулова Сымбат   тәжік тілі курсының ашылуына байланысты өздерінің құттықтауларын жеткізді. Тәжік тілінің онлайн курсын тәжік тілінің оқытушысы Саидова Джамила жүргізеді. Курс соңында емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға сертификат беріледі. Курсқа байланысты толық мәліметті мына байланыс арқылы алуға болады: +77078392966 Базарқұлова Бақытгүл Көпбайқызы