Студенттерге дәстүрлі шәкіртақы берілді

03.03.2021

Көрулер: 1927

2021 жылдың 3 наурыз күні,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында жыл сайын берілетін Мәженова Мәрзия Нұрмағанбетқызы және Нуртазинова Дина Нүркенқызы атындағы дәстүрлі ынталандыру шәкіртақысы, 1-курс студенті Ашаева Аяжанға, 2-курс студенті Айнакулова Жадыраға, 3-курс студенті Шаеке Альбинаға, 4-курс студенті Көпжасар Аялаға табысталды.

Студенттерді марапаттау рәсіміне Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ы.М. Палтөре, ф.ғ.д., профессор Г.Е. Надирова, кафедра меңгерушісі П.М. Сулейменов, кафедра меңгерушісінің орынбасары Ф.Т. Жумажанова және кафедра оқытушылары қатысты.