ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨЗБЕК ТІЛІНІҢ ОНЛАЙН КУРСЫ

23.02.2021

Көрулер: 1934

2021 жылы 23 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде өзбек тілі онлайн курсының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулы А. Фатхуллаев, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің ректоры, тар.ғ.к., доцент Г. Рихсиева, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры ф.ғ.к., доцент Э. Махмудов қатысты. Онлайн курстың ашылу салтанатына сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің деканы PhD, Ықтияр Молдатөреұлы, ҚазҰУ, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы PhD, Жақубаева Салатанат, ҚазҰУ, Түркісой кафедрасының меңгерушісі PhD, Қыдырбаева Үміт қатысты. Іс шараға сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің оқытушы, профессор құрамы мен студент, магистрант және докторанттары қатысты. Шығыстану факультетінің деканы Ыхтияр Молдатореұлы өзінің құттықтау сөзінде Өзбекстаннан зум палатформасына қосылған әріптестеріне алғысын білдіріп, университет ұжымын және бүкіл Өзбекстан халқын ұлы ақын Әлішер Науаидың 580 жылдығымен құттықтады. 2017 жылдың 20 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті - Азиядағы ең ірі шығыс жоғары оқу орындарының бірі екенін атап өткен жөн. Осы жылдың қаңтар айының соңында онлайн-кездесу өткізіліп, онда ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланып, 2021 жылға арналған өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жоспарлары айтылған болатын. Бұл кездесудің маңызды нәтижесі - ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінің студенттеріне арналған өзбек тілінің ақысыз онлайн курсыны басталды . Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің тікелей қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері   2021 жылдың 25 маусымына дейін жалғасып 70 сағатты құрайтын өзбек тілінің курсына қатыса алады. Осы курсты аяқтағаннан кейін емтихандарды сәтті тапсырған студенттер сертификаттарға ие болады.

Өзбек тілі курсына барғысы келетіндер 87017264565 телефоны арқылы Нұрат Ілияспен байланыса алады.