ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

04.02.2021

Көрулер: 2093

2021 жылдың 4 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының эдвайзері У.А. Амирбекова «Шин сэдэ» студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелерімен бірге «Рухани жаңғыру» жобасының аясында «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбында мәдени-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шараны «Шетел филологиясы» мамандығының 4 курс студенттері ұйымдастырып, төменгі курс студенттері қатысты. Бибінұр мен Әсел ежелгі архитектуралық туындылар – қайталанбас ғимараттар мен мүсіндер Хеопс пирамидасы, Зевс мүсіні, Вавилонның аспалы бағы, Артемида ғибадатханасы, Галикарнастағы кесене туралы, Родостағы Гелиос мүсіні мен Александриядағы әйгілі маяк жайлы толық мәлімет беріп кетті. Ал, кездесудің келесі бөлігінде Дана мен Арайлым пікір алмасу барысында төменгі курс студенттеріне көптегенбіршама сұрақтар қойып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Тақырып аясында қызықты талқылау жүргізіліп, студенттер кездесу соңында алғыс білдіріп, жақсы пікірлер қалдырды. Мәдени-танымдық іс-шараны өткізу барысында көптеген салалар қамтылып, тарихи, психологиялық әсерлер де атап өтілді. Бұл ғимараттар мен мүсіндердің тарихи әсері бұрыннан белгілі болса, осы жолғы іс-шарада студенттер мәдени мұралардың адам санасына деген әсерін де айта кетті. Онлайн форматта өткен кездесу студенттердің бір-біріне деген жылы лебіздерімен аяқталды.