Қытайтану кафедрасының халықаралық деңгейдегі кезекті жеңісі

20.01.2021

Көрулер: 1760

2020 жылдың 30 қарашасы мен 2021 жылдың 20 қаңтары аралығында ҚХР Бейжің қаласында Қытай шет тілдер алмасу орталығы, Орталық радио және телевизиясы, «Қытай тілі көпірі» клубы және Қытай тілі альянсының бірлесіп ұйымдастыруымен шетелдіктер арасында қытай фильмдері мен теледидар туындыларын дубляждау бойынша сайыс ұйымдастырылды. Үш айға созылған байқауға әлемнің түрлі елдерінен қытай тілін оқып жатқан студенттер мен оқытушылар белсенді қатысып, өздері дубляждаған жұмыстарын ұсынды.

Барлығы әлемнің 80 елінен 200-ге жуық оқу орнынан 500-ден астам қатысушы 700-ге тарта жұмыс тапсырды. Іріктеу нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасы «Үздік ұйым» номинациясымен марапатталды. Кафедраның 2 мұғалімі мен 21 студенті «Үздік дубляждаушы» атты марапатқа ие болды. Сондай-ақ, кафедрамыздың 3 жетекші оқытушысы, атап айтсақ, Оразақынқызы Фарида, Дүйсенбай Құлпынай және Маулит Бақытнұр «Үздік жетекші» марапатына ие болды. Әріптестерімізді, студенттерді марапаттарымен құттықтаймыз!