Шығыстану факультеті Пәкістанның іргетасын қалаушы және бірінші генерал-губернатор – ұлт көсемі саналатын, аса ірі мұсылман саяси қайраткері Мухаммад Али Джиннаның туған күнін онлайн форматта атап өтті

25.12.2020

Көрулер: 1749

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Шығыстану факультеті «Өлмейтұғын артында із қалдырған» деген тақырыппен Пәкістанның іргетасын қалаушы және бірінші генерал-губернатор – ұлт көсемі саналатын, Британдық Үндістанның бөлінуін жақтаған ең белсенді қатысушылардың бірі, аса ірі мұсылман саяси қайраткері Мухаммад Али Джиннаның туған күнін онлайн форматта атап өтті.

Шараны факультет деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы ашты. Шараға Пәкістан Ислам Республикасының Алматы қаласындағы сауда-инвестициялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Мухаммад Фарук, KAZ-PAK ассоциациясының Президенті Хабиб ур Рахман, Пәкістан Ұлттық Банк басқармасының төрағасы Рафик Мухаммад, сондай-ақ шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы, урду тілі мен әдебиеті бөлімінің студенттері қатысты.

Іс-шарада сөз алған қонақтар Пәкістан халқының жүрегінде Мухаммад Али Джиннаның есімі мәңгілік сақталатынын, оның тарихтағы алатын орынына ерекше тоқталды.

Шығыстану факультетінің студенттері урду тілінде патриоттық өлеңдер оқып, ұлт көсемінің өмір жолына тоқталып өтті.

2019 жылғы 9 шілде күні салтанатты түрде ашылған Мухаммад Али Джинна атындағы орталықтың ашылуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететініне мол сенім білдіреміз.