“АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ӘЛЕМІ” АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

03.12.2020

Көрулер: 1788

03.12.2020 ж. халқымыздың кемеңгер тұлғасы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған “Абай және Шығыс әлемі” атты онлайн форматтағы республикалық дөңгелек үстел өтті. Шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті мен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге еліміздегі абайтанушы, шығыстанушы ғалымдар, студенттер мен магистранттар қатысты. Мәнді де мағыналы шарада ұлы ақын Абайдың шығыстың рухани әлемімен үндестігі мәселесі сөз болды.

Дөңгелек үстелдің модераторы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дүкен Мәсімханұлы болды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті деканы, PhD Ықтияр Молдатөреұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Тұран-Иран” орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор Ислам Жеменей, абайтанушы, филос.ғ.к. Асан Омаров, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ғалия Қамбарбекова, "Pars Today" ақпарат сайтының тілші-аудармашысы, Абай шығармашылығының парсы жеріндегі насихаттаушысы Омарханова Гаухар Жұмағазықызы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының “Ежелгі әдебиет және түркология” бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Төрәлі Қыдыр, шығыстанушы, PhD Болатбек Батырхан сияқты абайтанушы, шығыстанушылар баяндама жасап, өздерінің құнды көзқарастарымен бөлісті.