«Желтоқсан жеткізген жеңісің – Тәуелсіздігің!» тақырыбындағы онлайн кездесу

16.12.2020

Көрулер: 1701

Желтоқсан айының 16-жұлдызында шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің аға оқытушысы Ф.Т. Жұмажанованың ұйымдастыруымен, кафедра студенттерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 29 жыл толуына орай «ZOOM» платформасында «Желтоқсан жеткізген жеңісің – Тәуелсіздігің!» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.М. Сулейменов студенттерді мерекемен құттықтап, алғысөзін арнады.    

Кафедраның 3- курс студенті Жұмабаева Жұлдыз өзінің жан тебірентерлік «Тәуелсіздік Тұғырым» атты жеке мақаласын аталмыш іс-шараға арнады. Сонымен қатар Қиыр Шығыс кафедрасының 1-курс студенті, Алпысбай Динара да ат салысты. «Адай» күйін орындап, кездесуге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кафедраның 2-курс студенттері Керімбай Сымбат, Ерсаева Нұршат және Смағұлова Аружан мерекеге орай өздерінің дайындаған презентацияларын көрсетіп, Тәуелсіздік күніне арнаған өлең шумақтарын оқыды. Кездесу соңында 3-курс студенті Әзімхан Ақмөр М. Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты шығармасы жайлы сөз қозғап, желтоқсан оқиғасының құрбандары – Е.Сыпатаев, Л.Асанова, халық қаһарманы – Қ. Рысқұлбековке қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

Баяндамадан кейін, қатысушылар аталған тақырыпты одан әрі өрбітіп, өзара талқылап, кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!