Ресей Федерациясының А. М. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті, Cолтүстік-шығыс халықтарының тілдері және мәдениеті институтымен онлайн-кездесу

11.12.2020

Көрулер: 1575

2020 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.К. Аммосов атындағы СШФУ арасында кезекті онлайн кездесу өтті. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының білім-ғылым және мәдени кеңістіктегі ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға қонақ ретінде ф.ғ.к., доцент Г.Г. Торотоев бастаған Сахалық профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар магистранттар, студенттер де қатысты.
Кездесу барысында университет, факультет және кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және халықаралық бағыттары туралы презентациялар көрсетіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биылғы жылы QS рейтінгінен 165 орынды иеленіп отырғандығы туралы қонақтармен бөлісті.

Кездесу ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырғандықтан қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен өнері туралы кеңінен таныстырылып, студенттер дайындаған онлайн видео роликті тамашалады. Кездесуге қонақ ретінде қатысқан ҚР еңбек сіңірген дәстүрлі әншісі Нұржан Жанпейісовтің «Жетісу» әнін орындап берді.

Сахалар тарапынан қатысқан «Кыл Саха» ұлттық ансамблінің әншісі, этномузыкант Руслан Габышев ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, саха-қаңлы елінен қонақ кәде ретінде ән тарту етті.

Бауырлас түркі елдерінің арасында өткен кездесу қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.