ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ПРОФЕССОРЫ НИХОН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

19-қар-19

Көрулер: 1607

Биылғы жылдың 10 қарашасында Токионың Нихон университетінде жыл сайынғы Жапониядағы қытайлық корейлерді зерттеу Ассоциациясының конференциясы өткізілді.

Бұл ассоциация 2010 жылы Жапонияда тұратын Қытай профессорларының бастамасымен құрылған болатын, кейіннен оған жапондық ғалымдар, журналистер мен студенттер де қосылды. Ассоциацияның өз ғылыми журналы бар. Конференцияға Жапонияның әртүрлі қалаларынан қатысушылар келді. Конференция жұмысы «Әлеуметтік желілердің ішкі этникалық коммуникациядағы ролі» атауымен өрбіп, диаспоралық зерттеулердегі инновациялық тақырыпқа арналды.

Конференция жұмысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корейтану орталығының директоры, профессор Ким Герман Николаевичтің «New Challanges and trends in life of post-soviet Koreans» («Пост-кеңестік корейлер өміріндегі жаңа мәселелер») тақырыбындағы дәрісімен басталды. Дәріс қатысушылар арасында қызығушылық оятып, көптеген сұрақтар қойылып, конференциядан кейін де Г.Н.Ким қозғаған тақырып қызу талқыланды. Конференция соңында профессор Г.Н.Ким Жапонияның басқа университеттерінде ашық лекция өткізуге шақырту алды.