Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас

08.11.2019

Көрулер: 2165

          Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бастап саяси ынтымақтастық байланыс кеңінен даму үстінде. Бүгін Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Имтиаз Ахмад Кази мырза өз атынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің урду бөліміне урду тіліндегі кітаптарды сыйға тартты. Елшілік атынан келген өкіл Манас мырза Шығыстану факультетінің деканы, PhD докторы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының қабылдауында болып, кітаптарды табыстады.