Орталық Азияны зерттеуші, шығыстанушы Мансура Хайдармен кездесу

24.10.2019

Көрулер: 1912

2019 жылғы қазан айының 18 жұлдызында Әл-Фараби Қазақ Ұлттық Университеті үнді ғалымы, профессор Мансура Хайдар ханымды қарсы алды. Әл-фараби кітапханасының Абай залында тарих және шығыстану факультеті оқытушылары мен студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен өткен кездесу барысында профессор Мансура Хайдардың осы жылы жарыққа шыққан "Mirza Muhammad Haidar Dughlat Kurkan" атты кітабының тұсаукесері өтті. Урду, парсы, ағылшын және орыс тілдерін білетін Мансура ханым студенттердің қойған сұрақтарына үлкен толқыныспен жауап беріп отырды. Тарих факультеті деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы ғалымға алғыс білдіріп, факультет атынан сыйлықтар табыстады. Оқытушылар мен студенттер профессормен Мансура Хайдар ханыммен бірге естелік суретке түсті. 19 қазан күні Шығыстану факультеті үндітану бөлімінің оқытушылары Мансура Хайдар ханыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы үндітану мәселелері сөз етілді. Кездесу соңында Мансура Хайдар ханымға Шығыстану факультеті атынан қазақи нақыштағы естелік сыйлықтар табысталды және суретке түсті.