«ТҮРКІТАНУ» БӨЛІМІ БОЙЫНША ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

19.04.2019

Көрулер: 2278

Республикалық олимпиада 2019 жыл наурыз айының 27-29 жұлдызында ҚазҰУ шығыстану факультетінде Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында «Түркітану» мамандығы бойынша пәндік олимпиада жоғарғы дәрежеде өтті .

Олимпиада екі кезеңнен болды. Пәндер бойынша жазбаша сұрақтар алынып, алғашқы кезеңнен өткендер келесі кезеңде ғылыми жобаларын қорғады. Олимпиада соңында 1, 2, 3-ші жүлделі орындар анықталып, жүлдегерлер салтанатты түрде ҚР білім Министрлігінің дипломы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.