«Араб әлемі» үйірмесі

10.02.2016

Көрулер: 3903

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Араб әлемі» атты студенттердің үйірме жұмысы бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. «Араб әлемі» атты үйірме жұмысының басты мақсаты – студенттерге араб елдерінің тілі мен тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, салт-дәстүрлері туралы танымдық ақпараттар беріп, олардың ғылыми-шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік жасау.

«Араб әлемі» үйірмесінің алға қойған міндеттері:

-Араб шайырлары мен жазушыларының шығармаларын оқып, өзара пікір алмасу және араб өлеңдерін қазақ және орыс тілдеріне тәржіма жасау;

- араб елдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы туралы дөңгелек стол, пікір-таластар өткізу, мақала жазу;

- араб ұлттық тағамдарын дайындап үйрену.